Previous Page  108 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 108 / 208 Next Page
Page Background

108

Тағылым тамшылары

Пайғамбарымызәйелгеқарапбұданкейінгіуақытта

бір-ақ қонақтың келгеніне қалай қарайтындығын

сұрады. Алайда әйел оған да разылық танытпады:

– Мен балаларымның несібесін кім-көрінгеннің

бөле жеуіне қарсымын, – деп тұрып алды.

Ақыр соңында, күйеуі мен әйелі бір қонаққа

келісіп, өзара ымыраласты.

Бірақ сол күні кешке күйеуінің үйге тағы да екі

адамды ертіп келгенін көргенде әйелі тағы ашуға

мінді. Тамақ әзірлеу үшін ас үйге кірді, іштен ты-

нып жүріп үш адамдық тамақ әзірлеп күйеуіне берді.

Аздан кейін қонақтардың біреуінің сытылып үйден

шығып кеткені байқалды. Әзірленген тамақтың біреуі

желінбей қалды.

Әйел күйеуінен:

– Қонақтың біреуі неліктен тамақ ішпестен шығып

кетті? – деп сұрады.

Алайда күйеуі екінші қонақтың келгенінен бейха-

бар болып шықты. Ол таңдана:

– Сен қай қонақты айтып тұрсың? Мен іште

отырған бір-ақ қонақты ертіп келген жоқпын ба? –

деді.

Бірақ әйелі анық көрді. Келген екі қонақтың біреуі

тамақ ішпестен шығып кеткен еді. Әйелі мен күйеуі

мәселенің төркінін пайғамбарымыздан ұқпақ болды.

Екеуін жақсылап тыңдаған пайғамбарымыз болған

жайды оларға былай деп түсіндірді:

– Иә, негізі үйге екі кісі келді. Алайда бұлардың

біреуі адам бейнесінде келген сол қонақтың рызығы

болатын. Аллаһ тағала әйелге үйге келетін әрбір

қонақтың өз рызығымен келетінін көрсету үшін жаңағы