112
Тағылым тамшылары
жатқан мұсылман сарбаздардың бәрін тегіс құрма жеу-
ге шақыртты. («Хәндақ» соғысы қарсаңы).
Пайғамбар шақыруымен Хәндақ сарбаздары тай-
лы тұяғымен тегіс жиылып келіп құрмаға қол созды.
Алайда, бір таңғаларлығы, келген әскерлердің барлығы
қанша жесе де орамалда үйіліп тұрған құрмаларды та-
уыса алмады. Тіпті тауыспақ түгілі құрмалар өз-өзінен
көбейіп, орамалға сыймай кеткен еді.
Иә, бұл сүйікті Пайғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
тиесілі көп мұғжизалардың бірі ғана.
Пәлекетке ұрындырған байлық
Мәдиналық мұсылмандар ішінде Салаба атты
сахабаның дүние-мүлікке, байлыққа деген құштарлығы
ерекше болатын. Жатса-тұрса бай болсам, байлыққа
бір қол жеткізсем деп көксеген ол бар аңсарының соған
ауғаны соншалық, ойлай-ойлай шақшадай басы шара-
дай болып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылды.
Ақыр соңында шыдамай Пайғамбарымызға келіп:
– Уа, Расулаллаһ! Мен үшін «бай болсын» деп
дұға жасаңызшы? – деп өтінді. Пайғамбарымыз оның
бұл қалауына:
– Шүкірін өтей алатын аз малың, шүкірін өтей ал-
майтын көп малдан артық емес пе? – деп жауап берді.
Бұл сөзге, шынында да, ойланып қалған Салаба
біраз уақытқа дейін тоқтамға келгендей болды. Сонда
да «Тауықтың түсіне тары кіреді» демекші, артынша-
ақ баяғы әніне қайта басты. Тағы да шыдамай:
– Уа, Расулаллаһ! Бір дұғаңызбен мені байлыққа
кенелтіңізші? – деп, Пайғамбарымыздың етегіне
жармас-ты.