Previous Page  107 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 107 / 208 Next Page
Page Background

107

Сахабалар сабағы

өзегін өртеген арманын жеткізді. Сонда оны жұбатқан

пайғамбарымыз іштей қатты толқып Жаратқанға:

– Я, Рабб! Мені Нәсибә мен туыстарынан ажырата

көрме! – деп бет сипап, теңдессіз құрметі мен сыйын

ұсынды.

Иә, Ислам тұнығының таралуында жан ая-

май ерлік көрсеткен осындай аяулы аналарымыз аз

болмаған.

Қонақ пен рызық

Сахабалардың біреуі тым қонақжай болатын.

Әйелі болса күйеуінің күнде қонақ ертіп келуін

жақтырмайтын. Тіпті оңашада:

– Күн сайын бірнеше қонақты ертіп келуіңді қашан

қоясың?! Бала-шағаның несібесінен соларға жырып

бермесең қайтеді, – деп реніш білдіретін.

Күйеуі оған онша көп мән берместен қонақшыл

әдетін тастамайды. Әйелі бір күні шыдай алмай үйдегі

жағдайды айтып пайғамбарға шағымданды:

– Я, Расулаллаһ! Күйеуім күн сайын кеш бол-

са болды үйге топырлатып қонақ ертіп келеді. Бар

тапқанын солардың аузына жайып салады. Құдай бетін

ары қылсын, бір күні өзі ауыра қалса, қалғанымыз аш-

тан өлерміз деп қорқамын, – дейді.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

әлгі әйелдің

күйеуін де шақыртты. Әлгі сахаба:

– Мен үйде қонақсыз отыра алмаймын. Дастарха-

нымнан қонақтың дәм татқанымен үшін үлкен қуаныш,

– деп әйелінің дегеніне көнер болмады.