Previous Page  106 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 106 / 208 Next Page
Page Background

106

Тағылым тамшылары

мүмкіндік жасауға тиіс. Өйткені әлемнің мақтанышы

Пайғамбарымыздың өзі де осылай істеген. Әйтпесе,

Расулаллаһтың рұқсатынсыз Зейнеп анамыздың бұндай

іске баруы мүмкін емес еді.

Хазірет Нәсиба

ПайғамбарымыздыңМәдинәқаласынақұттықадам

басып көшіп келуімен исламды қабылдау бақытына

ие болған әрі Ұхыд соғысында бар жан-тәнімен оны

қорғаштаған өте жанашыр жақын сахабалардың

қатарында Нәсибә анамыз да болды.

Ұрыстың сондай бір қызған сәтінде пайғамбардың

маңайында оны қорғайтын сахабалардан ешкім де

қалмады. Жаудың екі атты әскерінің оған қылыштарын

жалаңдатып, ентелей төніп келе жатқанын көргенде,

Нәсибә жанұшыра солай қарай ұмтылды. Екі жауды

пайғамбарға жақындатпай бір өзі алысты. Біреуінің

аяғын қылышпен жаралап үлгерем дегенше, ту сыр-

тынан келіп қалған екіншісі дәл иықтан қылышын

сілтеп үлгерді. Жараланып, иығынан қансырай жерге

жығылған Нәсибәні көрген хазірет Әли әлгі жаудың

екеуін де ә дегенде жайратып салды. Қайта келгенде,

Пайғамбарымыз қасиетті қолдарымен оның жарақатын

таңды. Дәл осы сәт пайғамбарымыздың тағы бір

мұғжизасы бой көрсетіп – сыртын жаңа ғана таңылған

жара бірден жазылып қоя берді.

Бел жазып, орнынан түрегелген Нәсибә іштей

егіле:

– Сіздің тізеңізді құшып шейіт боп кетсем деп

едім. Оны неге маған қимадыңыз? – деп, о бастағы