111
Сахабалар сабағы
жолындағы табанды күрестен бас тартып, өзінің мал-
жанымен қайғы болып кету деген сөз...
Әбу Әйюб сол сапарда көз жұмып, Ыстанбұлдағы
қазіргі мекеніне жерленді
21
.
Қос уыс құрма
Сахабалардан Бәшир ибн Саадтың қызы мен
Нұғман ибн Бәширдің қарындасы әңгімелеуде:
Анам Амра бинту Рәуаха (р.а.) мені шақырып,
етегіме екі уыс құрма салып берді де:
– Қызым, бұл әкең мен нағашы ағаң Абдуллаһ ибн
Рәуаханың тамағы, апарып бере ғой, – деді.
Жолда кетіп бара жатып, Пайғамбарымызды
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
кездестірдім. Одан әкем мен нағашы
ағамның қайда екендіктерін сұрадым. Ол маған:
– Қызым, бері келе ғой, қолыңдағы не нәрсе? – деп
сұрады.
Мен:
– Уа, Расулаллаһ! Бұл құрма ғой. Әкем Бәшир ибн
Саад пен нағашы ағам Абдуллаһ ибн Рауахаға шешем
беріп жіберді, – дедім.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Онда бері әкеле ғой, – деді.
Мен етегімдегі құрмаларды Расулаллаһтың уы-
сына төктім. Құрмаларым қос уысына толмай қалды.
Пайғамбарымыз бір орамал алдырып, құрмаларды
сол орамалдың үстіне шашырата төкті. Сөйтті де
жанындағыларға айтып, қаланы айналдыра ор қазып
21
Әл-Камил, 3/458-59; Нихаяту-л Араб, 20/268-70; Хаятус-
сахаба, 1/470-71.