Previous Page  105 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 105 / 208 Next Page
Page Background

105

Сахабалар сабағы

жерде мынандай бір көкейтесті сұрақтың ойға ора-

ла кетуі заңды. Ислам заңдары (фиқһ) бойынша әйел

нәпақасы (күнкөрісі, табысы) күйеуіне тән. Әйел

жұмыс істеп, ақша табуға міндетті емес. Олай болса,

пайғамбар әйелдерінің жұмыс істеуі неліктен? Оның

жауабы мынада: Жалпы ислам діні әйелді жұмыс

істеуге мәжбүрлемейді. Бұл дегеніңіз «сен жұмыс

істемеуге міндеттісің» деген сөз емес. Күйеуінің

рұқсатымен ислами әдеп шеңберінен аспайтын шарт-

тармен әйелдің жұмыс істеп, ақша табуына ешқандай

да кедергі жоқ. Зейнеп анамыз жұмыс істеуі күндік

нәпақасын табу үшін емес, қайта кедей-кепшіктерге,

жарлы-жақыбайларғақолұшынберу, аш-жалаңаштарға

қарасу, Аллаһ жолында өз әлінше осылай қызмет ету

ниетінде болатын.

Ол жайлы Айша анамыз былай дейді: «Мен

басқаларға

жақсылық

жасауда,

қайыр-садақа

үлестіруде, туысшылдық пен Аллаһқа жақындататын

игі іс істеуде Зейнептей алдына жан салмайтын адам-

ды көрген емеспін».

Ибн Сағдтың риуаятынша: «Зейнеп дүниеден

қайтқанда бар дүние мүлкін өзі көзі тірісінде садақа

ғып таратып жібергендіктен артында бір тиын да

қалмаған. Ол – кедейлер мен жетім-жесірлердің пана-

сы еді» дейді.

Жоғарыдағылардың бәрін талдай келгенде

біріншіден, Исламдағы әйел қандай да бір қажеттілігі

болмаса да, ол бос отырмауы керек. Ең жоқ дегенде

табыс тауып, оны Аллаһ жолында жұмсағаны дұрыс.

Екіншіден, әйелдің үйдегі тіршіліктеріне күйеуі

кедергі жасамауы керек, қайта қолдан келгенше