100
Тағылым тамшылары
– Түйесімен бер, ендеше!
Әлидың айтқанын бұлжытпай орындаған Қамбар:
«Түйенің тізгіні менің қолымда деуге қорықтым,
– дейді, – әйтпесе, мені де қоса ойланбастан әлгі
қайыршыға беріп жібергендей еді...».
Иә, сахабалар тым дархан мінезді еді
.
Христиан және Әлидің (р.а.) шапаны
Ел басқарған халифалығы кезінде Куфа қаласында
хазірет Әлидің (р.а.) шапаны жоғалды. Аз уақыт өтер-
өтпес әлгі шапан бір христианның қолынан табылды.
Әли әлгі христианды ерткен күйі қазыға жүгінді.
Қазы:
– Мына халифаның айтқанына не дейсің? – деп
христианға қарады. Ол болса халифа Әлиді жалақорға
жатқызбайтынын, алайда шапанның өзінікі екенін айт-
ты.
Қазы бұл жолы Әлиге бұрылып:
– Мына кісі бұл өз шапаным деп тұр. Ал бұған
сенің куәгерлерің бар ма? – деп сұрады.
Хазірет Әли күлген қалпы:
– Қазы дұрыс айтады, дәл қазір менде куәгерлер
болу керек еді. Бірақ ешқандай куәгерім жоқ, – деді.
Куәгерлер болмағандығына сүйенген қазы хазірет
Әлиді христианға жығып берді.
Алайда шынтуайтында шапанның кімдікі екенін
білгендіктен ішкі ар-ұяты жібермеген христиан сәлден
кейін қайта бұрылып келіп, былай деді:
– Мұндай үкім шығару, сірә, адамдарға қатысты
емес, пайғамбар әкелген үкіметтік жүйеге тікелей