98
Тағылым тамшылары
лары қалаға кірместен кері қайтуды жөн көрді. Оны
естігенде Әбу Үбәйда (р.а.) таңырқап:
– Аллаһтың тағдырынан қашқаның қалай? – де-
генде, Хазірет Омар оған қарап:
– Иә, Аллаһ жазған тағдырдан және Соның
тағдырына қашып бара жатқан жоқпын ба?! Сен
түйелеріңді бір жағы жоңышқа, бір жағы жусанды
бетке жайып түйелерің қайсысынан оттаса да сен
Аллаһтың тағдырымен жайған болып саналмайсың ба?
– деп ойланта жауап қайырды.
Қасындағылармен бірге Мәдинаға қайтқан хазірет
Омар оба ауруының тез жайылып бара жатқандығына
алаңдағандықтан тымболмасаӘбуҮбәйданықұтқарып
қалмақ болып келе сала былай деп хат жолдайды:
«Ассалаумағалейкум! Бір мәселе жайлы ақылдасу
үшін сен маған аса қажет болып тұрсың. Хатты ала
сала дереу жолға шық!».
Хазірет Омардың ойын айтқызбай-ақ ұққан Әбу
Үбәйда іле-шала мынадай жауап жазады:
«Әй, мүминдердің басшысы! Мені неліктен
қажетсініп тұрғаныңды білемін. Алайда мен мұсылман
әскерлермен бірге болғандықтан өзімді олардан артық
санай алмаймын. «Жазмыштан озмыш жоқ» деген.
Мен де пешенеге жазылғанды көрермін. Маған оларды
таста да, кел дегеніңе келісе алмаймын».
Омар (р.а.) хатты оқығанда көзінен жас парлап
қоя берді. Маңайындағылар:
– Әй, мүминдердің әміршісі! Неге жылайсыз, әлде
Әбу Үбәйда да аурудан көз жұмып па? – деп сұрады.
Омар (р.а.) оларға: