94
Тағылым тамшылары
беріліп, ерігені сонша, не жұмыспен келгені де есінен
тарс шықты.
Алтынға айналған қамшы
Мұхаммед ибн Мәсләма – Пайғамбарымызбен
бірге барлық соғыстарға қатысқан алдыңғы
қатарлы сахабалардың бірі. Ол Мәдина қаласында
Расулаллаһтың орнына уәкіл ретінде тағайындалған
хазірет Омардың ел ішіндегі «арыз-шағым бұрышына»
жауапты кісісі болатын. Халықтың бар арыз-тілектері
осы бұрыш арқылы шешіліп, қажет болған жағдайда
пара алған, біреудің құқығын аяққа таптаған басшы-
лар мәселенің мән-жайы әбден анықталған соң, осы
бұрыштың шешімі арқылы лайықты жазасы берілетін.
Бір жолы Омар (р.а.) Мәдинаға жиналған атқа
мінер ел ағаларына олардың халыққа жақсы қарауы
керектігін, ешкімге әділетсіздіктің жасалмауын қатал
түрде ескерткен-ді. Дәл осы мезет халық арасынан сы-
тылыпшыққанбіреу: –Мынапәлендегенбасшыңыздың
мені қарадай кінәлап, жөнсіз ұрғаны бар еді. Алайда
соңында менің кінәсіз екендігім белгілі болған-ды, –
деді де, өзінің сол адамда ақысы кеткендігін айтып
қалды.
Мәселенің жай-жапсарын анықтай келе басшы
болып тағайындалған адамның кінәсіз адамды жөн-
жосықсыз жазалап, сабатқаны белгілі болды.
Бұл кезде хазірет Омардың да шешімі дайын еді:
– Сені сабаған басшыны сен де соншалықты
сабайсың!
Алайда Амр ибн Ас бұған қарсылық білдірді: