Previous Page  99 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 99 / 208 Next Page
Page Background

99

Сахабалар сабағы

– Жоқ, олай емес, бірақ, әй қанша қалды дейсің, –

деді тұнжырап.

Көп өтпей-ақ Шамда обадан тіл тартпай кет-

кен Әбу Үбәйданың орнына Муаз ибн Жәбал барды.

Бірақ, ол да артынша көз жұмып, орнына Амр ибн Ас

тағайындалды. Амр ибн Ас дендеп бара жатқан ауру-

дан халықты аман сақтап қалу мақсатында елді тау ба-

сына жинап, ойдан гөрі тауды паналаған. Сол тұстары

аурудың да беті қайтып, Хазірет Омар болса кейіннен

Амрдың бұл тапқырлығына ризашылығын білдірген

екен

18

.

Әлидың дархан мінезділігі

Хазірет Әли құрма бақшасында кешке дейінжұмыс

істеп, кешкісін түйесіне бір қап жеміс теңдеген күйі

үйіне қайтты. Түйенің тізгіні көмекшісі Қамбардың

қолында, ал өзі болса алда келе жатты.

Мәдинаға кіре берісте жол шетінен жалыныш-

ты дауыс естілді. «Аллаһ разылығы үшін» деп өткен-

кеткенге алақан жайған қайыршының күйі аянышты-

ақ еді.

Дәл осы сәт Әли мен түйе жетектеп келе жатқан

Қамбардың арасында мынадай бір әңгіме өрбіді.

Әли:

– Әй, Қамбар! Мына байғұс не сұрап тұр?

– Құрма сұрап тұр.

– Берсеңші, ендеше!

– Құрма қапта ғой..

– Қабымен бер, ендеше!

– Қап түйенің үстінде ғой..

18

Әл-Камил, 2/558-560; әл-Бидая, 7/84-85