Previous Page  90 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 90 / 208 Next Page
Page Background

90

Тағылым тамшылары

– Мен сені танымаймын, сені танитын біреу келсін,

– деді.

Жанында тұрғандардың біреуі:

– Мен оны танимын, – деді.

Омар одан:

– Иә, танысаң айтшы, бұл қандай адам? – деп

сұрады. Ол кісі:

– Жөні түзу, әділ кісі, – деп жауап берді.

Омар (р.а.) қайта сұрады:

– Күндіз-түні не істеп, не қойғанын жақсы

білетіндей жақын көршің бе еді?

– Жоқ, – деп жауап берді әлгі кісі.

Омар (р.а.):

– Кісінің қаншалықты Құдайдан қорқатын

тақуа екендігі оның ел арасындағы іс-әрекеті мен

қылықтарынан белгілі. Бұл кісі сауда-саттықпен айна-

лысушы ма еді? – деп қайта сұрады.

Әлгі кісі бұған да:

– Жоқ, – деп жауап берді.

Бұл жолы Омар (р.а.):

– Бұл кісінің мінез-құлқының жақсы-жаман

екендігіне көз жеткізетіндей бірге сапарға шығып

көріп пе едің? – деп тағы сұрады.

Әлгі кісі бұл сұраққа да «Жоқ» деп жауап берген-

де Омар:

– Онда сен бұл кісіні танымайды екенсің, – деді де

куәгерлік айтқан адамға қарап: – Бар да, сені танитын

басқа біреуді ертіп кел, – деді

15

.

Демек, бір адамды жақыннан тану үшін 3 шартқа

аса мән берген жөн. Не қоян-қолтық араласатын көрші

15

Хатибу-л-Бағдади, әл- Кифая фи Илми- р- Риуая, 84 Б