87
Сахабалар сабағы
Ертесі күні таңертең қайта келіп тұрған кешегі
құл:
– Кешіріңіз, кешегі алтындарды қайтып өзіме
берсеңіз, мен оны қателесіп сізге әкеліп берген екенмін,
– деп, кешегі берген алтындарды қайтарып беруін
сұрайды.
Сонда оған берген Әбу Зәррдің жауабы мынау
болды:
– Көршім қарызға белшеден батып отырғанда,
уыс-уыс ақшаның буына мас болып отыратын адам
мен емеспін, сондықтан кеше қолыма түскен ақшаны
мен кешке дейін-ақ қарызынан құтыла алмай отырған
жарлы-жақыбайлардың бәріне таратып бергенмін.
Дәл қазір саған бере қоятындай менде ешқандай ақша
жоқ!..
Иә, бұл қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған ма-
мыражай кезден, бақытты ғасырдан бір көрініс бола-
тын.
Ал енді біраз Хижреттің жетпісінші жылдарына
қарай келейік.
Тарихта қаныпезерлігімен аты шыққан Хажжаж
көптеген сахабалардың басын шапқан, тас лақтырып
Қағбаны қиратпақ болған, аз қалған сахабалардың өзін
улап өлтірген қатыгез адам еді.
Бірде осы кісіге ел жиылып келіп:
– Әй, басшы! Сен ана Омар секілді болсаңшы.
Ол әділдікті сүйетін, халықпен жақсы шығысатын
еді. Ол халықтың басын шапқызбақ түгілі, абайсызда
біреудің аяғына тас тиіп кеткені үшін бір жыл өтіп кет-
се де ұмытпай кешірім сұрай білетін еді. Сен де соған
кішкене ұқсасаңшы?! – деген екен.