84
Тағылым тамшылары
ды. Аббастың мүлкі Аббастың өз қолында қалады.
Үкіметтің оны күштеуіне жол берілмейді!
Соттың бұлжымайтын шешімі шығып, екі жақ
та сот үкіміне көніп есікке бет алғанда, аяқ астынан
бір дауыс саңқ ете қалды. Міне, қызық! Ол дауыс
Аббастыкі еді:
– Ей, Ұбәй! Сот үкімі осымен бітті ме? Нақ осы
шешімге тоқталдық па?
– Иә, Соттың нақты үкімі шықты, ешкім сенің
жеріңді құнын көп төлесе де күштеп ала алмайды.
– Олай болса, мені жақсылап тыңдаңдар! Сот
алдында мен өз шешімімді айтайын: Жерімді дәл
қазірден бастап Расулаллаһтың мешітіне қосуға тегін-
ақ бағыштадым. Маған бір тиын да пайданың керегі
жоқ. Бәрің де куәгер болыңдар, құнын қанша еселеп
төлесе де бермеген жерімді су тегін-ақ Пайғамбар
мешітін кеңейту үшін халифаға бердім. Бұдан былай
мүлік иесі мен емес, мына тұрған халифа.
Ұбәй ибн Кааб сұрады:
– Ей, Аббас! Бұныңды қалай түсінуге болады? Ба-
сында еселеп төлеген ақшаға бермеген жеріңді қалайша
тегін-ақ бермекшісің?
Аббастың берген жауабы, шынында да,
таңғаларлық:
– Ислам дінінің адам құқықтарына деген зор
құрметін айдай әлемге паш ету үшін!..
Рас, Ислам діні адам құқықтарына зор құрметпен
қараған. Тіпті бір жанұяның өзінде ата-ана, бала,
отағасының, жұбайының құқықтары деп жеке-жеке
тоқталуы да соның айғағы.