Previous Page  79 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 79 / 208 Next Page
Page Background

79

Сахабалар сабағы

нәрсеге зауқы соқпай үндемегендіктен, қалаға келгелі

бергі көрген құқайлары мен алаяқтарға қалайша жем

болғанын Әби Уаққас назалана баяндады..

Әби Уаққасты бастан-аяқ тыңдаған сарай күтушісі

оларды жұбатып:

– Сіздер қатты қайғырмаңыздар, біздің патшамыз

өте әділ кісі. Ол кісі сіздерден көмегін аяп қалмайды,

не жылқыларыңызды таптырады немесе ақысын

төлетіп береді. Сіздердің айтқандарыңызға қарағанда

жылқыла-рыңызды тартып алған жігіт патшаның өз

баласы сияқты. Ол бұл мәселені еш қиындықсыз-ақ

шешіп беруге тиіс. Менің тілімді алсаңыздар ертең

таң ата базарға барыңыздар. Өйткені ол күн сайын сол

базарға соғып халықтың мұң-мұқтажына құлақ түреді.

Сіздер де өз арыздарыңызды айтып қалыңыздар, – деп

ақыл-кеңес берді.

Таң ата Омар мен жолдасы базарға барып патшаны

күте бастады. Бір уақытта қасына аудармашысын ерт-

кен патша күнделікті әдеті бойынша базарға ат басын

бұрды. Елден түскен арыз-шағымға қарай патша оның

орындалуыүшін қызметкерлеріне әмір беріпжатты. Ке-

зек Омар мен Әби Уаққасқа келгенде олар да бұл қалаға

келудегі ниеттерінен бастап, ұшырап отырған қазіргі

жағдайға дейін жасырмай айтып, сатуға әкелген сол

жылқыларды тапқызып беруін өтінді. Бұларды тыңдап

тұрған патшаның іштей қынжылғаны байқалғандай еді.

Бұларды тыңдап болған соң, патша дереу бір кесе ал-

тын ұстатып, аттарының көп ұзамай табылатындығына

уәде берді. Алайда патшаның қасындағы аудармашы

жылқыны тартып алған адамның патшаның өз баласы

екендігін айтпай жасырып қалды.