74
Тағылым тамшылары
Бірден қолынажармастым: –Уа!Мұсылмандардың
әміршісі! Бұныңне?!Қаптысенемесменіңарқалағаным
жөн болар.
Дәл осы сәт манадан бері жақ ашпаған хазірет
Омар (р.а.) қолымды кері итеріп, күңірене былай деп
тіл қатты:
– Жоқ, құрметті досым, ибни Аббас! Қап көтеріп
шаршамақ түгілі, жерге жығылып өліп кетсем де сен ме-
нен бұл жүкті алушы болма! Маған бұл дүниеде жүгімді
көтерісер достар табылғанмен, о дүниеде жазамды
бөлісер достар табылмасы ақиқат. Шешейдің бағанағы
айтқанының бәрі рас. Мен о баста халифалықты ал-
мауым керек еді, ал алған екем, қарамағымдағы әр
адамның алаңсыз өмір сүруі, менің мойнымда екенін
ұғуым керек.
Құрметті досым! Дижле аймағында өрістеп жүрген
бір қойға қасқыр шапса, о дүниеде әділдік таразысы
тартылған уақытта оны да мына Омардан сұрары қақ.
Шешей тұл қалып, немерелері жетім қалыпты, олай
болса, оған да басқа емес Омар жауап берері даусыз.
Қараусыз қараң қалып, бір шаңырақ шайқалса, оның да
обалы Омарға деген сөз. Жазықсыздан-жазықсыз жер-
ге бір тамшы қан тамса, ол да Омарды құр жібермейді.
Зарлылар мен жарлылардың кірбің ұялаған көңілдер
үшін де Омар жазықты. Қайғы-қасіреттен көз ашпай,
қан жұтқандар үшін де Омар емей кім кінәлі?!
Дүниенің тауқыметін арқалағандар мен қарғап-
сілеушілердің тіл ұшында жүрген қайран Омар! Қалай
ғана сонша ауыр жауапкершілікті алып едің о баста?!
О, Жаратқан! Енді міне, сол үлкен жауапкершілікті