Previous Page  70 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 70 / 208 Next Page
Page Background

70

Тағылым тамшылары

ма деп құлақ қоюмен екеуміз қала көшелерінің бәрін

аралап шықтық. Ешқандай тырс еткен дыбыс білінер

емес. Бәрі де қалың ұйқы құшағында жатқан сияқты.

Осынау үлкен қалада дәл қазір, осындай түннің бір

уағында халифа Омар (р.а.) екеумізден басқа ояу жан,

тыпыр еткен пенде жоқ секілді.

Бірте-бірте Омардың (р.а.) неліктен түн жарымын-

да көшеге шыққанын түсінгендей болдым. Шамасы,

қандай да бір қыжалатпен көз ілместен, Құдайға мұңын

шағып отырған зарлысы бар ма екен, соны білейін деп

шыққан шығыс болатын. Елдің итіне дейін тегіс мау-

жырап ұйқы құшағында жатқан қыстың бет қарыған

осынау аязды түнінде Омардың бүкіл мұсылмандардың

басшысы бола тұра ұйқысын қиып, көше кезіп шыққан

себебі, расында да, сол еді.

Қала ішіндегі бар үйді аралап, қалашетінешықтық.

Маңайда әр-әр жерде тұрған шашыраңқы үйлер ғана

менмұндалайды.Жылаған-сықтағанжандарбарма екен

деп оларды да тыңдағаннан кейін кезек жол шетіндегі

бір үйге тірелді. Алдыңғы үйлер секілді есігіне құлақ

қойып, бұл үйді де тыңдадық. Бұл жолы іштен бір-екі

баланың жылаған дауыстары естіліп жатты.

Біраз құлақ түргеннен кейін есікті қағып, аманда-

са хазірет Омар (р.а.) ішке кіріп барды. Үй іші қалай

болса солай шашылып жатыр екен. Жылай-жылай

балалардың көздері де көнектей боп ісіп кетіпті. Қарт

ана пеш үстіндегі қайнаған қазанды бір қолымен ара-

ластырып, бір жағынан тізесіне жығылған екі ба-

ланы жұбатумен әлек. Шешей қалжыраған күйіне

қарамастан Омардың сәлемін алғандай жылы шырай

танытты. Бірақ ол үйіне келген адамның ел басқарған