67
Сахабалар сабағы
Былай шыға бере халифа өз-өзінен күбірлеп бара
жатты. «Ойы да, жөні де түзу осындай достардан Аллаһ
тағала бізді мақұрым етпегей! Менікі ғана дұрыс деп,
кеудемсоқтыққа салынудан сақтасын! Білмегеніңді
білгеннен сұрап, соның айтқанына көне білген қандай
жақсы!»
Расында да, қарғыстың ең жаманы «Өзің білме,
білгеннің тілін алма» емес пе?!
Асыра мақтау жөн бе?
Омар (р.а.) тағайындаған басшылардың бірі
жұма хұтбасы кезінде Омарды жер-көкке сыйғызбай
мақтағаны сонша, сахабалардың біреуі шыдай алмай
орнынан атып тұрып әлгі кісімен шарт-шұрт сөзге
келіп қалды.
Намаз біткенде мешітте болған жайт Омардың
құлағына да жеткен еді. Халифа Омардың әмірімен
әлгі сахаба дереу тұтқындалып алдына әкелінеді. Са-
хаба кірген бойда халифаға сәлем береді. Алайда өзі
ашуланып отырған халифа оның сәлемін алмастан
тіпті жекіп те жібереді. Сол кезде сахаба:
– Ей, Омар, – дейді жұлып алғандай басын көтерген
күйі, – мен бір кінә жасасам, сен нақ екі кінә жасап
отырсың!
Бұны естігенде бағанадан бері Омардың алқымына
тығылған бар ашуы сап тыйылып:
– Менің екі кінәм не болды сонда? – деп сұрады
таңырқап.
Сахаба тағы да тайсалмастан:
– Аллаһтың бер деген сәлемін беріп ем, ашумен
сәлемімді алмадың. Яғни уәжіпті елемедің, бұл – бір.