68
Тағылым тамшылары
Кінәлі адамға құлақ түрмей жатып бір жақты ғана үкім
айттың, бұл – екі, – деді.
Бұны естіп сабасына түскенОмар (р.а.) болғанжай-
ды айтып беруін өтінгенде, ол былай деп түсіндірді:
– Сен тағайындаған басшы хұтбада сені жер-көкке
сыйғызбай мақтағаны сонша, ел сені Әбу Бәкірден
де артық па деген ойға қалды. Алайда сенің Әбу
Бәкірге жете алмасың айдан анық жайт. Мен осыған
келіспеушілік білдірдім.
Омардың таңғалысы тіпті арта түсіп:
– Иә, неліктен мен Әбу Бәкірге жете алмайды
екем? – деп сұрады.
Сонда әлгі сахаба:
– Сол да сөз болып па, – деді өз сөзін дәлелдемек
болып,- «жасаққа қол ұшын беріңдер» деп
Пайғамбарымыз бұйырғанда сен қолыңдағы малдың
жартысын ғана әкелдің де, ал Әбу Бәкір болса өзіне
тышқақ лақ та қалдырмай қолында барын түгел әкеліп
елді бір жылатпап па еді?!
Бұны естігенде Омар (р.а.) әлгі сахабадан кешірім
сұрап, оны еркіне қоя берді. Артынша жағымпаздық
жасаған әлгі басшыны жұмыстан босатты.
Ибн Аббастың әңгімесі
Қыс. Аяз. Көзге түртсе көргісіз қараңғы түн.
Жер бетінде қар жатпағанмен, еттен өткен ызғарлы
суық сүйекке жеткендей. Халифа Омармен жүздесіп,
әңгімелесіп қайтпақ оймен үйденшықтым. Айнала тым-
тырыс. Қала тұрғындары бұл уақытта ұйқыларының ең
тәтті шағында жатқан кез. Көше де қыбыр еткен жан
жоқ.