66
Тағылым тамшылары
Күнә іздеуші де кінәлі
Бір күні түнде ел басқаратын халифа Омар (р.а.)
мен Абдуррахман ибн Ауф Мәдина қаласының
көшелерімен келе жатып бір үйден дабырлаған дауы-
стар естіді. Үйге таяп келген халифа:
– Ей, Абдуррахман! Мынау кімнің үйі екенін
білесің бе? – деп сұрады.
Абдуррахман:
– Білмеймін, – деп жауап берді.
Халифа өзі:
– Бұл – Рәбиға ибн Үмәйяның үйі. Іштегілер тегіс
арақ ішкенге ұқсайды. Мастықпен айғайласып отыр.
Бұларды мықтап тұрып жазаласақ қалай қарайсың?
Абдуррахман ибн Ауф болса:
– Маған салсаңыз, жазаға олар емес, біз лайықты
секілдіміз! – деді именбестен.
Тосын жауапқа халифа іркіліп қалды. Сөйтті де:
– Неге? – деп сұрады артынша таңданысын жасы-
ра алмай.
Сонда қасындағы саңлақ сахаба оның себебін бы-
лай деп түсіндірген еді:
– Өйткені Аллаһ тағаланың «Адамдардың жа-
сырын күнәларын іздестірмеңдер!» деген бұйрығы
бар. Біз болсақ түннің бір уағында елдің үйіне келіп,
тіміскіленіп, олардан қателік іздеп жүрміз. Негізі, жа-
заны біз тартуымыз керек!..
Абдуррахманның көкейге қонымды сөзіне ойла-
нып қалған халифа оған:
– Ендеше, кеттік бұл жерден! Әйтпесе, расында да
жазаны олар емес біз тартуымыз мүмкін, – деген еді
асыға.