Previous Page  71 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 71 / 208 Next Page
Page Background

71

Сахабалар сабағы

халифа Омар екенінен мүлде хабарсыз еді. Кім біледі,

мүмкін халифаны тіптен танымайтын да шығар. Бірақ

қала шетіндегі жалғыз тамға түннің бір уағында хали-

фа бас сұғады деп кім ойласын?!

Омар(р.а.)өзінтанытпастаншешейдіжайғанасөзге

тартып, балаларының жылау себебін сұрады. Кемпір: –

Е, аштық қой. Екі күн болды нәр татпағандарына, ішегі

шұрқыраған бала жыламай қайтсін?! – деді кейіген

пішінмен. «Ана қазандағы тамақтан неге бермейсіз?»

деп сұрай жаздаған Омарды айтпай-ақ түсінген қарт

ана көз жасын сығымдаған күйі екеумізге ішкі ащы

запыран, мұң-зарын төге сөз бастады:- Балам, сен ана

қазандағыны тамақ деп ойлаған боларсың, қайдан!..

Балаларды жұбатайын деп қазанға салып қайнатып

жатқан ұсақ тастар ғой. Тіске басар ештеңе жоқ бол-

са қайтесің?! Менің көрген күнімді сендерге бермесін.

Мына балалар – менің тас жетім немерелерім. Балам

да, күйеуім де, бауырларым да қатарынан соғыста

шейіт болды. Үйді асырайтын еркек кіндік болмаған

соң өзі кәрі, өзі қауқарсыз төмен етектіге қараған

қорғансыздардың күні осы болмай қайтсін?! Қу

жоқшылықтың зарын тартып, аш отырғанымыздың

себебі сол. Аш отырсам да ешкімге барып алақан жай-

ып, қайыр сұрауға дәтім барар емес. Қайғы жұтып

жылап-сықтаумен аш-жалаңаш отырғандарға Аллаһ

тағала өзі қарайласпаса адамнан қайыр бола қоймас!

Қабағына кірбің ұялаған Омар (р.а.) тұнжырап,

жүзін төмен салған күйі шешейдің сөзін бөлді: –

Жағдайыңыздың нашар екенін қала ішіне барып

мұсылмандардың басшысы халифа Омарға неге айт-

пайсыз?