75
Сахабалар сабағы
көтере алмастан әлсіз, әлжуаз, дәрменсіз құлың екі
бүктетіліп алдыңда тұр...
Мен оған біраз басу айтпақ оймен сөзін бөлдім:
– Әй, ақ жүректі Халифа! Соншалықты мұңайып
егілетіндей не болды? Халифалық міндетті сен
атқармасаң, дәл сендей болып оны кім алып жүреді?!
Қанша дегенмен сен де пенде емессің бе?! Қара қылды
қақ жарған әділ болғаныңмен, сенің басыңнан да
пендешілік өтері сөзсіз. Адамдардың бәріне бірдей
әділеттілік пен мейірбандық танытуда, Жаратқанмен
жарысам деп пе ең?! Елдің көңліне бірдей жағу оңай
шаруа емес.
Әй, жақсылыққа жаны құмар басшы! Шындығына
келгенде, сен періште емессің ғой! Бірақ сен – періште
болмағаныңмен, жақсылықта алдына жан салмайтын,
әділдік пен мейірімділікті ту ғып ұстаушы алдыңғы
қатарлы азаматтардансың. Сенің ел ішіндегі әділдігіңе
Қиямет күні қара жер де, көк аспан да, мына арқаңдағы
бір қап ұн да, тіпті мына мен де куәлік ететін бола-
мыз. Бұған ең теңдессіз куәгер тас қараңғы түнде қара
тастың үстіндегі қара құмырсқаға дейін бәрін көріп-
біліп тұрған Аллаһ тағаланың өзі екендігінде кімнің
күмәні бар?! Жалған өмірді жалпағынан басып, жалқы
тіршілікпен қара басыңның қамын күйттеп кетпей, ел
үшін әділ қызмет етіп келесің! Әрбір ісің жақсылыққа
толы, қайта сен қайғырма, қуан! Біз сені қашанда
мақтан тұтамыз!
Менің бұл айтқандарым ұнжырғасы түскен
халифаның құлазыған көңілін сәл жадыратып, еңсесін
біраз көтергендей болды.