80
Тағылым тамшылары
Хазірет Омар мен Әби Уаққас кеш бата кешегі
керуен сарайға қайта келді. Бұл жолы қалтада ақша
бар, қарын да тоқ. Түнеген ақыларын төлеп ертеңгісін
жолға жиналмақ. Сарай қызметшісі мәселенің қалай
шешілгендігін сұрады. Бұлар патшамен кездесіп мән-
жайды түсіндіргендіктерін, аттарды тауып беретін бо-
лып патшаның уәде бергенін айтты.
Күтуші бірден ашуланып:
– Мұнысы қалай, кінәлі өз баласы болса жағдайды
басқаша шешпек пе? – деді.
Күтуші таң ата патшаға барып:
– Ел жамандық жасаса жазаға ұшырайды, ал сіздің
балаңыз бассыздық жасаса да, еленбей кете бермек пе?
– деп салды.
Нүшіруан мәселенің байыбына барғанда, қатты
ашуланды. Сөйтті де:
– Ат иелері ертең қаладан кетсін! Бірақ біреуі
қаланың солтүстік есігінен, екіншісі болса қаланың
оңтүстік есігінен шықсын, – деп бұйырды.
Ертесі күні патша Омар мен оның жолдасына
сатпақ болып келген аттарының ақшаларынан да көп
ақша берді. Патшамен қош айтысып жолға шыққан
олар қаланың екі жақ бетіндегі екі бөлек есіктен
шығып бара жатып, сұмдық бір көрініске тап болды:
бір есікте аттарды алған патша баласы, ал екінші есікте
шындықты жасырған аудармашы дарға асулы тұрған
еді. Тіпті олардың денесі суып та үлгерген екен.
Бір өкініштісі, қара қылды қақ жарған бұл әділ
басшыға иман нәсіп болмады. Өйткені Пайғамбары-
мыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
имансыз кеткен кісілердің
қатарында оның да атын атаған еді.