Previous Page  86 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 86 / 208 Next Page
Page Background

86

Тағылым тамшылары

– Иә,жолыңада ақшаңбарекендігінбілемін, алайда

мені кешірсін деп осы ақшаны берсем деп едім. Есіңде

болса өткен жылы дәл осы жермен кетіп бара жатып,

бір тасты жол шетіне теуіп жібергенім сол еді, ол тас

барып байқаусызда сенің аяғыңа тиді. Мен басшы бола

тұра бір адамды болсын аяғын ауыртып, ренжіткенім

үшін іштей өзімді қатты кінәлап едім. Енді міне, соның

мүмкіндігі туып тұрғандай. Сен мына ақшаны ал да

менің сол жолғы абайсызда болған қылығымды кешір,

мен де іштей мазасыздықтан құтылайын. Сен бұны

алсаң, мен де жеңілдеп, өзімді жақсы сезінер едім. Кісі

ақысының салмағын өзің білесің ғой!..

Бұл сол кезгі мемлекет басшысының жағдайы еді.

Ал енді сол күнгі жай қарапайым халықтың жайынан

мысал беріп көрейік.

Өзі тоқ бола тұра, көршісі аш бұратылып жатса, он-

дай адамның мұсылманға жатпайтындығын Әбу Зәрр

жиі айтатын. Ол сондай-ақ қолында мүмкіндік бола

тұра кедей-кепшік, жарлы-жақыбайларға қараспаған

адамның о дүниеде тозақтың азабын тартатындығын

да жиі ескертетін.

Оны осы қылығын жақсы білетін жақын

таныстарының бірі қатырып тұрып сынап көру үшін

оған сыйлық ретінде бір кесе алтын беріп жібереді.

Әбу Зәрр болса, ол алтынды ала алмайтындығын,

одан да сол алтынды өзінен де жағдайы төмен кедей-

кембағалдарға тапсыруы керектігін қанша қадап айтса

да алтынды әкелген құл азар да безер болып «егер сіз

осыны алсаңыз, менің құлдықтан құтылатындығымды

айтты» деп тұрып алған соң, Әбу Зәрр лажсыздан ол

алтындарды алуға мәжбүр болды.