81
Сахабалар сабағы
...Арада біраз уақыт сырғып, Хазірет Омар бүкіл
мұсылман әлемінің басшысы, ал Саад ибн Әби Уаққас
Мысырдың әкімі болып тағайындалды.
Мысырды Саад ибн Әби Уаққас басқарып тұрған-
да ислам дінін өркендету мақсатында бір жерге мешіт
тұрғызылуы керек болады. Бірақ ең ыңғайлы деп
тапқан жер бір яһудидікі (еврейдікі) еді. Мысыр әкімі
әлгі яһудидің жеріне мешіт салуға бұйрық шығарып,
мешіт құрылысы басталып та кеткен-ді. Басқа жері
болмағандықтан далада қалған яһуди шарасыз әркімге
бір мұңын шаққан соң, ел оған Мәдинадағы хали-
фа Омарға барып шағымдану керектігін айтып жөн
сілтеді.
Ол кезде әлгі яһуди Ислам дінінен мүлде бейхабар
болатын. Көп уақыт созбастан Мәдина қаласына жол
тартты. Халифаның қайда екенін сұрастырып жүріп
бақшада екендігін білді. Бақшаны да тапқанмен, бір
қызығы, бақшада бір-ақ адам жұмыс істеп жүр екен.
Қасына жақындап барған яһуди:
– Маған халифа Омар керек еді, – деді. Әлгі кісі:
– Иә, Омар мен боламын. Қандайшаруаменжүрсің,
айта бер, – деді жай ғана.
Хазірет Омар яһудидің шағымын естігенде, қатты
ашуланды. Іле-шала жерден бір сүйекті ала салып
соған бірдеңе деп сүйкеп жазды да:
– Мә, мынаны әкіміңе апарып бер, – деп қолына
ұстатты.
Яһуди жазуға қанша үңілгенімен, ештеңе ұға ал-
мады. «Сонша жерден іздеп келгенімде мынаусы
несі, ойыны ма шыны ма, әжетіме жарай ма, жарамай
ма» деген екіұдай оймен өз-өзіне сенімсіз күйде кел-