78
Тағылым тамшылары
боласыз. Мынау сіздің алғашқы айлығыңыз болсын,
алыңыз, – деп бір кесе күміс ұсынғаннан кейін оған
қарап: – Енді Омарды кешіріп, қарғыстарыңызды кері
аласыз ғой? – деп сұрады.
Сол сәт кешегі кештен бергі болған жайтты енді
ғана түсінген қарт шешей Омарға тіктеп қараған күйі:
– Е-е, қолыңа қараған мұсылмандардың бәріне өстіп
әділдігіңді көрсетсеңші?! – деп аса разы кейіп танытқан
еді...
Иә, «Ұлық болсаң, кішік бол» деген мақалдың
өмірдегі шын келбеті осындай болса керек.
Нүшіруанның әділеттілігі
Бірде Омар (р.а.) мен Саад ибн Әби Уаққас Иранға
жылқы сатуға барды. Қалаға кіре берісте алаяқтыққа
басып ойын ұйымдастырып, өткен-кеткен елді еліктіріп
тұрған бір топ жастарды көрді. Екеуінің өздерінен көз
алмай қарап тұрғанын байқаған әлгі жігіттердің біреуі
дереу келіп, бұларға ауыр-ауыр сөз айтып, сатпақ
болып әкелген араб аттарын да қолдарынан тартып
алды.
Омар (р.а.) мен Саад ибн Әби Уаққастың сауда
жасаймыз ба деп келген көңілдері су сепкендей ба-
сылды. Жығылғанға жұдырық дегендей азықтары
таусылған кезде қалтадағы ақшадан да қағылып,
екеуі де пұшайман күй кешті. Аштан-аш кеш бату-
ын күтуге тура келді. Әне-міне дегенше кеш те бо-
лып жолаушылар керуен сарайға барып түнейді. Ол
жердегі қонақ күтуші бұл екі кісінің ренжулі екенін
қабақтарынан бірден байқап, бір реті келгенде себебін
сұрады. Омардың жүзі тым сынық болғандықтан, еш