Previous Page  76 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 76 / 208 Next Page
Page Background

76

Тағылым тамшылары

Бір қап ұнды арқалап екі бүктетілген күйі бар

күшін сала алға жүріп келеді. Тіпті жолдың ой-

шұқырын да елер емес. Күннің қақаған суығында қала

шетіне шыққанға дейін маңдайынан сорғалаған ащы

терге де қарамады.

Әупірімдеп қала шетіндегі кемпірдің үйіне де

жеттік. Омар (р.а.) ентіккен күйі ішке кіріп қапты

жерге түсірді. Тер жуған жүзінен қатты қалжырағаны

көрініп тұр. Бірақ ол сәл ғана тыныққаннан кейін ор-

нынан жылдам атып тұрды. Қазандағы тастарды алып,

мен әкелген майдан құйып, қаптың аузынан ұн алып

тамақ жасауға көшті.

Кемпірден оттық алып, әлдеқашан сөніп қалған

отты қайта жақты. Сәлден кейін-ақ піскен тамақты

суытыңқырап әкеп, өз қолымен жайған дастарқанға

қойды.

Артынша әкелік мейірім таныта күлімсіреген күйі

жетім балалардың басынан сипап тамаққа шақырды.

Өздігінен жей алмайтын кішкенесіне өз қолымен тамақ

жегізді. Әп-сәтте үй іші қуанышқа бөленіп, талай

күннен бері ұмыт болған ерекше бір жылылық орнады.

Жетім балалардың жүздеріне үміт ұялады. Қарт ше-

шей Хазірет Омар ұн көтеріп кіргеннен бастап не айта-

рын білмей аңтарылып қалған. Алайда сәлден кейін-ақ

қарындары тойып, бір-бірімен ойнап кеткен балаларды

көріп көңлі босаған шешей өз ризашылығын білдіріп,

әлі халифа екендігін білмеген кісіге қарап:

– Айналайын, не деген мейірімді, жанашыр едің,

– деді қызарған көзін сүртіп, – Омарға қарағанда

халифалыққа нағыз сен лайық екенсің. Аллаһ тағала

бізге сені халифа қылғай!