Previous Page  72 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 72 / 208 Next Page
Page Background

72

Тағылым тамшылары

Бұл жолы өзі жыламсырап әрең отырған кемпір

тіпті ашуға булықты:

– Омар құрсын бір құрыса! Халифалығы да

құрысын бүйткен! Екі дүниеде де жақсылық-опа

көрмесін!

Сасып қалған Омар тұтыға тіл қатты: – Сонда ол

Омардың жазығы не? Қарғағаныңызға жол болсын!

Кемпірдің ашуы тіптен өрши түсті:

– Балам, мен – төрімнен көрім жуық адаммын,

қарттықтан қуарған дәрменсіз мына күйімде екі күн

бойы көз ілместен жылаған панасыз жетім балалар-

ды жұбатумен әлекпін. Біз өстіп Құдайға мұңымызды

шағып зарланып, таңды аштан-аш жылап-сықтаумен

атырып отырғанда, ел қамын жейді деген оның жайлы

төсегінде алаңсыз ұйықтауға қандай қақысы бар?! Ол

барша мұсылмандардың басшысы емес пе?! Біз әуелде

Аллаһтан одан кейін сол Омардан жәрдем күтпейміз

бе?! Келіп менің жайымды сұраса болады ғой?!

Мұсылмандарға басшы болуды оңай іс деп ойлай ма

екен?!

Әлгі сөзден тұла бойы шымырлаған Омар (р.а.)

лықсып келіп қалған көз жасын білдірмеуге тырысып

әжейге басу айтпақ болды:

– Дұрыс айтасыз шешей, дегенмен басшы адамның

да шаруасы бастан асып жатады дегендей. Сірә, оған

уақыты да бола бермейтін шығар?! Оның үстіне сіз де

барып жайыңызды айтпаған соң ол қайдан білсін...

Алайда кемпірдің ашуы бұнымен де тарқай

қоймады: – Е, онда о баста халифалықты таңдап несі

бар?! – деп басталған қарғыс аралас кемпірдің зары

біраз уақытқа дейін басыла қоймады. Дәл осы сәтте