69
Сахабалар сабағы
Жол ортасына жете бере, сонадай жерден
қарауытқан адамға ұқсас біреуді көзім шалды. Кішкене
жақындай түскенімде, оның адам екеніне анық көзім
жетті. Берген сәлемімді қабыл алып, басын мен жаққа
бұрғанда, еріксіз таңғалдым. Өйткені ол мен іздеп бара
жатқан Омардың (р.а.) дәл өзі еді. Елдің бәрі шырт
ұйқыда жатқан осынау түннің бір уағында ел билеген
халифаның жападан-жалғыз көшеде не ғып жүргені,
шынында да, таңғаларлық еді. Оның үстіне, қытымыр
қыстың аязы болса мынау. Ақыры таңғалысымды
жасыра алмай өзінен: – Түннің бір уағында көшеде
жүргеніңіз не? – деп сұрадым. – Асығыс жұмысың жоқ
болса, бірге жүр. Жол бойы себебін айтармын, – деді
де Омар (р.а) маған жақындап, қолтығымнан демей
берді. Мен онсыз да өзін іздеп келе жатқан жайымды
айтып, “Қайта жақсы болды. Екеуара әңгімелесуді өзім
де қалап келе жатыр едім” деп, ол айтқан ұсынысқа
бірден келісе кеттім.
Екеуміз бірге жолға шықтық. Себебін әлі
айта қоймағандықтан ішім ішіме сыймай мен өз-
өзімнен жарылып кетердей боп келемін. Бір мезет
шыдамымның таусылғаны сонша, тағы да “Түннің бір
уағында жападан-жалғыз көшеде неғып жүргеніңізді
айтсаңызшы енді?” деп сұрауға оқтала жаздап барып,
өз-өзімді әрең сабырға шақырдым.
Халифа Омар мұнымды түсінді. Бірақ әр нәрсенің
басын бір шалған күйі түнде неғып жүргені жайында
жақ ашпады. Бірге келе жатып, әр үйдің есігінің ал-
дына біршама тоқтаған ол тың тыңдап, іште не болып
жатқанын білмекке құлақ түрумен болды. Көше бойы
әр үйдің есігін тыңдап, іштен дауыс шыға ма, шықпай