Previous Page  64 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 64 / 208 Next Page
Page Background

64

Тағылым тамшылары

қатты қинады. Жылымшы ғана су ішіп тағы да құсты.

Бір орында байыз таппай мазасы кетті. Асқазанында

ештеңенің қалмағандығына әбден көзі жеткенде ғана

барып тоқтатты. Қасындағылар таңдана:

– Түкке тұрғысыз бір татым тамаққа бола осынша-

ма қиналғаныңыз қалай? – деп сұрағанда, ол:

– Иә, – деді, – өйткені бірде Пайғамбарымыздың

(саллаллаһуаләйһиуәсәлләм)

«Ішкен-жегені харам болған кісілерге

Аллаһ тағала Жұмақты нәсіп етпейді» дегенін естіген

едім.

Сөйтті де басын жоғары көтеріп:

– Уа, барша әлемнің Иесі! Байқамастан жеп қойған

бір шайнам ас үшін қолымнан келгенін істеп, бәрін де

құса алғанымша құстым. Егер әлгі тағамнан бойымда

қалып, тамырыма еніп кеткен нәрсе болса, Өзің кешіре

гөр! Тозақ отыңа шыдай алмайтын қауқарыжоқ, әлжуаз

құлмын ғой, – деп дұға оқып егіле тілек тіледі...

Иә, берік тақуалығына сүйсінген бұл досы жайлы

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

«Әбу Бәкір тура

менің көзім, құлағым секілді» деген еді

14

.

Келін таңдау

Омардың (р.а.) ел басқарып тұрған кезі. Бүгін де

ылғидағы әдеті бойынша үстіндегі киімдерін ауы-

стырып киіп, ел ішін аралап қайтпақ ниетпен ымырт

үйіріле көшеге шықты. Мәдинаның көшелерін ара-

лап көп жүрді. Түн қараңғысы әбден қоюланған кез-

де бір үйдің қасына келді. Іштен дауыстар шығып жа-

тыр екен. Не болып жатқандығын білмек болып әлгі

14

Тәнбиху-л-ғафилин