61
Сахабалар сабағы
– Ей, Әбу Бәкір! Өз үй-ішіңе сен не қалдырдың? –
деп сұрады.
Әбу Бәкір болса:
– Уа, Расулаллаһ! – деді, – Үй-ішіме Аллаһ
тағала мен Пайғамбарына деген сүйіспеншілікті ғана
қалдырдым, – деді.
Дәл
осы
сәт
екеумізге
көз
тастаған
Пайғамбарымыз:
– Екеуіңнің араларыңдағы айырмашылық – дәл
жауаптарыңның айырмасындай, – деген еді.
Осыдан бастап Әбу Бәкірден озсам-ау деген
көкейді тескен ой-қиялдан біржолата арылдым
12
...
Тілді ауыздықтаған тас
Бір күні Әбу Бәкір (р.а.) сүйікті пайғамбарымыз
Мұхаммедтің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қасында отырды. Бір
уақытта ұрынарға қара таппаған қара ниетті біреу аузы
көбіктеніп Әбу Бәкірге тіл тигізіп, былапыт сөздер
айта бастады. Пайғамбарымыз әлгі кісі Әбу Бәкірге
қанша жаман сөздер айтқанына қарамастан ләм-мим
деп тіл қатпай ара-кідік күлімсіреп қойып отыра берді.
Әлгінің әдепсіздігі мен былапыт сөздері әбден шегіне
жетті- ау дегенде ашуы алқымына тығылған Әбу Бәкір
де бір-екі ауыз сөз қайтарды. Осы сәт манадан бері
жақ ашпаған Пайғамбарымыз дереу сыртқа шығып
кетті. Іле- шала орнынан тұрып, пайғамбарымызды
қуып жеткен Әбу Бәкір:
– Уа, Аллаһ тағаланың ардақты елшісі! – деді, –
Бағанадан бері жаңағының әдепсіздігі мен айтқан
қаншама былапыт сөздерін ести тұра үндемей, мен
12
Мәнақиби Чиһар Яры Гузин