58
Тағылым тамшылары
– Ямлиха монах сүйіншілеген Пайғамбар расын-
да да сен екенсің, «Аллаһ тағаланың жалғыз екендігіне
әрі Мұхаммедтің оның пайғамбары екендігіне нық
сендім», – деп бірден мұсылманшылыққа бас иген
екен
10
.
Әбу Бәкірдің достығы
Періште Жәбірәйіл (а.с.) бір күні былай деп
тілепті:
– Уа, он сегіз мың ғаламның ұлы әміршісі Хақ
тағала! Пайғамбарымыз Мұхаммедке
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
деген Әбу Бәкірдің достығы қаншалықты
адал екенін, оған деген сүйіспеншілік жүрегінде
қаншалықты терең орын алатынын білгім келеді...
...Мереке күні еді. Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) бағалы,
қымбат, әсем киімдерін киіп, иығынына отыз алтындық
шәлі ілді.
Жәбірәйіл соқыр кейпіне еніп, жол шетіне от-
ыра кетті. Әбу Бәкір Сыддық келіп, жол шетіндегі
пақырға жақындады. Бұны көрген Жәбірәйіл бірден:
– Пайғамбар Мұхаммед Мұстафаның достығы үшін
маған садақа тастаған адамның Аллаһ тағала бар
күнәсін кешірсін! – деп естірте дауыстай бастады.
Әбу Бәкір (р.а.) ол сөзді естіген-ді. Ойланба-
стан иығындағы қымбат шәліні сусыта ысырған
күйі «қайыршыға» ұстатты да: – Қане, тағы бір рет
қайталашы? – деді. Қайыршы тағы бір рет қайталады.
Әбу Бәкір Сыддық сырт киімін шешіп берді. Әр
қайталаған сайын үстіндегі бір-бір киімін шешіп
10
Мәнақиб-и Чиһар Яар-и Гузин