Previous Page  55 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 55 / 208 Next Page
Page Background

55

Сахабалар сабағы

қойылады. Таразы тартылғанда дәптерлер жеңіл тар-

тып, қағаз ауыр басады Сөйтсе, қағазда «Әшхәду ән

лә иләха илла Аллаһ уә әшхәду әнна Мұхаммадан

расулаллаһ» (Аллаһтан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед

оның құлы әрі елшісі) деген кәлимасы жазулы екен».

Негізінде, Аллаһ тағаланың атымен не салысты-

рылса да онымен бәрібір тең келе алмасы анық.

Пайғамбар екеніңді дәлелде!

Әбу Бәкірдің (р.а.) ислам дінін еш бүкпесіз

қабылдауына бірнеше жайт түрткі болған. Соның бірі

мына оқиға.

Ислам діні келгенге дейін қысы-жазы саудамен

айналысатын Әбу Бәкір көбінесе Шамға баратын. Бір

сапарда таңға жуық таңғажайып түс көрді. Түсінде

аспандағы ай келіп оның құшағына тығылыпты. Әбу

Бәкір айды қос қолдай құшақтап көкірегіне қысқан

екен. Тәтті сезім құшағында жатып ояна кетсе, түсі бо-

лып шығады. Дереу сол маңайдағы Ямлиха атты таны-

мал монахқа барып түсін жорытты. Монах әуелі:

– Қай жақтан боласың? – деп сұрады.

Әбу Бәкір:

– Хижаз аймағынан,- деп жауап берді.

Монах:

– Немен шұғылданасың?- деп қайта сұрады.

Әбу Бәкір:

– Саудагермін,- деп жауап қатты.

Бұны естігенде монах:

– Әй, арабстандық жан, мына түс тегін түс емес

екен. Шынын айтсам, үлкен сүйінші түсіп тұрған жайы

бар. Ақымды берсең, дәл қазір жорып берейін, – деді.