53
Сахабалар сабағы
Артынша Қайсар патша мені шақырып былай
деді:
– Сені жіберген адамға айта бар, мен оның
пайғамбар екенін білгенмен, патшалығымды тастай
алмаймын!
Ал епископ болса әр жексенбі сайын христиан-
дарға уағыз айтатын. Алайда келесі жексенбі күні ол
христиандарға барып әдеттегідей уағызын айтпады.
Одан кейінгі жексенбіде де сөйтті. Халыққа өзінің ау-
ырып жатқандығын айтты. Бірақ мені шақырып алып,
әр түрлі сұрақтар сұрайтын. Дәл осылай бірнеше апта
халыққашығып уағыз айтпай қойған соң, бір күні халық
жиылып келіп оған былай деп қатаң талап қойды:
– Не өз еркіңмен сыртқа шық, не біз сені бөлмеңде
өлтіреміз. Әлгі араб келгелі бері біз сенен күмәндана
бастадық.
Бұны естігенде епископ маған бірден хат жазып
беріп былай деді:
– Мына хатты ал да, Мұхаммедке жеткіз. Оған
дұғай сәлем айт та, менің Аллаһтан басқа тәңір жоқ
әрі Мұхаммедтің оның пайғамбары екендігіне иман
еткенімді, сондай-ақ оған мойынсұнғанымды айт.
Халық менің бұл жағдайымды жақсы сезіп отыр. Оған
көргендеріңнің бәрін айт!
Осыны айтты да ол далаға шықты. Күтіп тұрған
халық оны дереу өлтіріп тынды
9
...
9
Юсуф Явуз «Самарқант»