49
Сахабалар сабағы
кезегіне тұрарда әнсарлық Аббад мұһажирлік Аммарға
қарап:
– Түннің қай шамасында күзетте тұрғың келеді?-
деп сұрады. Ол өзінің тап қазірден бастап түннің
ортасына дейін тұрғысы келетіндігін айтты. Екеуара
келіскеннен кейін мұһажир сарбаз өз кезегі келгенге
дейін аздап көз шырымын алмақ болып ұйықтап кетті.
Ал әнсарлық сарбаз болса күзеттегі уақытты босқа
өткізбейін деп намаз оқи бастады.
Дәл осы сәт соғыста жер жастанған әйелінің өшін
алмақ болып іздерінен қалмай келе жатқан мүшрік
бұқпантайлап келіп намазда тұрған сахабаға садақтан
оқ ысқырта бастады. Ал намаз оқып тұрған сахаба бол-
са үш оқ тигенге дейін намазын бұза қоймады. Алайда
үшінші оқ қадалғанда қатты жараланды. Дереу руку,
сәждасын орындап, сәлемін беріп намазын аяқтады
да:
– Тұр, тұр енді, мен жараланып қалдым, қимыл
көрсете алар емеспін! – деп қасындағы жолдасын оят-
ты.
Жолдасы орнынан атып тұрғанда дұшпан қорқып
жылыстап жөнелді. Жолдасының қатты жараланғанын
көргенде мұһажир досы таңғала сұрады:
– Алғашқы оқ тие салысымен мені бірден
оятпағаның не?
Алайда әнсарлық сахабаның берген жауабы да
таңғаларлық еді. Ол:
– Оқып тұрған сүремді ортасынан үзе алмадым.
Егер Пайғамбарымыз табыстаған күзетшілігімізге