Previous Page  54 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 54 / 208 Next Page
Page Background

54

Тағылым тамшылары

Ықыласпен айтылған «кәлима-и

шәһадаттың» салмағы

Расулаллаһ

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бір күні шын

ықыласпен айтылған кәлима-и шәһадаттың ақыретте

мүмин таразысының оң жақ басын қалай ауыр басаты-

нын былай деп түсіндірді:

«Аллаһ тағала Қиямет күні үмметімнің ішінен бір

адамды сықаса жиналған халықтың арасынан шығарып

алып, оған қатталған тоқсан тоғыз дәптерді көрсетеді.

Әр дәптердің үлкендігіне кім де болса бас шайқап

таңырқай қарайды.

Аллаһ тағала әлгі адамнан:

– Мына дәптерде жазылғандарға не айтасың?

Менің жазушы періштелерім саған қиянат жасамап па?

– деп сұрайды.

Құл:

– Уа, Раббым! Жоқ, әрине. Бәрі де дұрыс, – дейді.

Аллаһ тағала одан қайта сұрайды:

– Осыларды жасағандығың рас болса маған айтар

дауың бар ма?

Құл:

– Уа, Аллаһ тағала! Айтар дауым жоқ, – дейді. Іле

барлық амалдары таразыға тартылғанда, сауаптары аз

болып қалады. Бұны көргенде Жаратушы Ие:

– Бұдан тыс сенің үлкен жақсылық-сауабың да бар.

Біз бүгін сені ешқандай жамандыққа ұшыратпаймыз, –

дейді.

Таразыға тілдей бір қағаз салынады. Құл ол қағаз

не салмақ берер дейсің деп үмітсізденіп тұрады.

Бірден дәптерлер таразының бір басына, әлгіндегі

бір жапырақ қағаз болса таразының екінші басына