Previous Page  57 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 57 / 208 Next Page
Page Background

57

Сахабалар сабағы

Әбу Бәкір түсін жорып берген кісіге қарап:

– Егер түсім дәл осы жорығаныңдай болып

шықса, онда менен тағы да жүз динар алашағың бол-

сын, – деді риза кейіппен.

Әне-міне дегенше Шам сапары да бітіп, Әбу Бәкір

Меккеге келді. Арадан он екі жыл өтті. Аллаһ тағала

хазірет Мұхаммедке

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

уахи түсірді. Бір

күні Әбу Құбайс тауына шыққан Мұхаммед

(саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм)

өзінің пайғамбар екендігін жұртқа жар салып,

халықты жансыз пұттарға емес бір ғана Жаратқанға

иман етуге шақырды.

Төсекте жатқан Әбу Бәкір айтылғандарды ести

сала Мекке көшелерінің бірінде хазірет Пайғамбармен

жүздесті. Пайғамбарымыз оны Исламға мойынсұнуға

шақырды. Әбу Бәкір (р.а.) оған:

– Уа, Мұхаммед! Пайғамбар екендігің рас болса,

дәлелдеп мұғжизаңды көрсет, – деді.

Хазірет Пайғамбарымыз оның көкірегіне қолын

қойып, қабырғаға тақаған күйі:

– Саған Пайғамбарлығымды дәлелдеген мұғжиза

ретінде осыдан тұп-тура он екі жыл бұрын түс көргенің,

оны Ямлиха атты монахқа жорытқаның жетпей ме?!

Оған түс жорығаны үшін жалма-жан он екі динар

төледің, кейіннен тағы да жүз динар бермек болып

уәделестің. Түсті жорып берген кісі он екі сөйлемдік

хат жазып қолыңа ұстатты. Қаласаң тіпті хаттың әр

сөзіне дейін айтайын, – деп хатты түгел жіпке тізгендей

айна-қатесіз айтып берді.

Бұны естігенде оның Пайғамбарлығына зәредей

күмәні қалмаған Әбу Бәкір бірден сұқ саусағын аспанға

көтеріп: