63
Сахабалар сабағы
келгендігін бәрін тәптіштеп сұрап білмейінше асқа қол
созбайтын.
Әлгі қызметшісі бір күні кешке әдеттегідей тамақ
әкелді. Әбу Бәкір Сыддық бұл жолы тамақтың кімнен
сатып алынғандығы, дастарханға қойылғанға дейін
қалай келгендігі туралы ешқандай сұрақ сұрамастан
бірден бір қасық алып аузына салды. Оның бұл тосын
әдетіне таңырқаған құлы:
– Қожайын-ау, сіз күнде тамақтың жай-жапсарын
сұраушы едіңіз, бүгін қалайша сұрап жатпастан ауыз
салдыңыз? – деп сұрайды.
Бұны естігенде Әбу Бәкірдің (р.а.) көзі жасқа шы-
лана:
– Е, қайтейін-ай, қу аштық соған қаратты ма?! Енді
кеш те болса маған тамақтың қайдан қалай келгенін
айт, – деді мұңая.
Қызметші:
– Исламға дейінгі уақытта мен халыққа өнер
көрсетуші едім. Бір күні кездесе кеткен бір топ кісінің
қолқалауымен оларға өнер көрсеткенім бар еді. Сол
мезет олардың маған ақы ретінде ұстатар ештеңелері
болмай, ақысын кейінірек бермек болып уәде берген
еді. Бүгін соларды көріп, берген уәделерін естеріне сал-
дым. Олар өздері жемек болып отырған тамақтарынан
маған берген болатын, – деді.
Бұл жайсыз жауапты естігенде Әбу Бәкір (р.а.)
іштей қатты реніш білдіріп, абайсызда болған
қателігіне қатты өкінді. Тіпті бет-жүзін тарам-тарам
жас жуып кетті. Алдында тұрған тамақты лақтырып
жіберді. Сұқ саусағын аузына тығып жіберіп қақала-
шашала құса бастады. Бір көгеріп, бір қызарып өзін