Previous Page  62 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 62 / 208 Next Page
Page Background

62

Тағылым тамшылары

бір - екі сөз қайтарғанға не себепті орныңыздан тұрып

кеттіңіз?, – деп сұрады.

Сонда адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

оған:

– Ей, адалдығымен айдай әлемді тәнті еткен дос!

Әлгі ұятсыз, әдепсіз неме саған тіл тигізе бастағанда

Аллаһ тағала аспаннан бір періште түсірді.. Ол періште

сені қорғап, жаңағы байғұстың тілін өзі-ақ байламақ

еді. Алайда сол арада сен де ашуға мініп қарсы сөз

айтқандықтан, періште лезде ғайып болды да орны-

на Ібіліс келді. Аллаһтың қарғысына ұшыраған Ібіліс

тұрған жерде Аллаһтың алғысынан үміт күткен менің

бірге тұруым мүмкін емес. Орнымнан тұрып кеткен

себебім сол, – деп жауап берген еді.

Бұл оқиғадан үлкен сабақ алған Әбу Бәкір (р.а.)

бұдан былай біреуге сөз айтуға қатты мән беретін бол-

ды. Тіпті жөн- жосықсыз сөйлемеу үшін аузына тас са-

лып жүретінді шығарды. Айтар сөзін әбден ойланып,

елеп-екшеп барып қана айтатын еді. Аузына салып

жүретін тасты сөйлер алдында ғана алатын. Жай кез-

де ылғи да Жаратқанға жалбарынып, күбірлеп мадақ

айтатын. Ешкімге де жақсы- жаманнан сөз айтпайтын

болды. Өте бір керекті кезде ғана аз сөзбен көкейіндегі

ойдың түйінін жеткізетін

13

.

Харам астың азабы

Әбу Бәкір Сыддықтың (р.а.) бір қызметшісі бар

болатын. Кешкі асты ылғи да сол даярлап әкелуші еді.

Алайда Әбу Бәкір алдына әкелген астың қайдан, қалай

13

Мәнакиби- Чиһар Яры- Гузин