60
Тағылым тамшылары
Әбу Бәкір (р.а.) болса: – Сіздің жолыңызға арнап
менің қолымнан шыққан заттың маған қайта қажеті
жоқ. Кімге көңіліңіз соқса, соған берерсіз, – деген бо-
латын
11
...
Иә, Пайғамбарды өзінен де қатты жақсы
көрмейінше ешкімнің де иманытолық болмайтындығы
шындық.
Әбу Бәкірден озу қайда!
Омар (р.а.) әңгімелеуде:
Бір күні Пайғамбарымыз бізге әскерлерді
қамтамасыз ету үшін өзара жылу жинауды бұйырды.
Менің ең дәулетті кезім. Ылғи менен озып кете
беретін Әбу Бәкірдің (р.а.) осы жолы алдын орап,
шаң қаптырмасам ба деген тұтқиылдан бір ой келді.
Өйткені ол қашан болсын жақсылық жасауда алдына
жан салмайтын. Арамыздағы ең көп садақа беретін
де сол еді. Осы жолы одан да көп жылу берейінші де-
ген оймен бар малымды теңдей екіге бөліп жартысын
садақа ретінде апардым.
Мені көрген Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Ей, Омар! Үй - ішіңе де бірдеңе қалдырдың ба? –
деп сұрады.
Мен:
– Уа, Расулаллаһ!, – дедім, – Үй-ішіме малымның
тең жартысын қалдырдым, – дедім өз ісіме масатта-
нып.
Дәл осы сәт қолындағы малын алдына салып
айдаған күйі Әбу Бәкір де келді.
Пайғамбарымыз одан да:
11
-Мәнақиб-и-Чиһар Яр-ы Гүзин-