Previous Page  65 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 65 / 208 Next Page
Page Background

65

Сахабалар сабағы

үйдегі дауысқа құлақ түрді. Байқаса шешесі мен қызы

әңгімелесіп жатыр екен. Шешесі:

– Қызым, ертеңгі сатылатын сүтке су қосуды

ұмытпа! – деді.

Алайда қызы:

– Шеше, біздің халифа сүтке су қоспаңдар деп

елдің бәріне тыйым салмап па еді? – деп қарсылық

білдірді.

Шешесі:

– Е-е, түннің бір уағында сенің не істеп не қойып

жатқаныңды халифа қайдан білсін? Ол қазір жылы

төсегінде ұйықтап жатқан болар.., – деді қызына өз

айтқанын қалайда істеткізбек болып.

Бірақ, қызы бұған да көнбей, былай деді:

– Шеше-ау, мейлі Халифа ұйқыда болсын-ақ, бірақ

бәрімізді қас қақпай бағып тұрған Аллаһ тағаланы

қайтеміз? Сүтке су қосып елді алдамақ болғанымызды

халифадан жасырсақ та Хақ тағаладан қалай жасыра-

мыз? Ол бәрін де көріп-біліп тұрған жоқ па?!

Омар (р.а.) бұны естігенде қыздың адалдығы мен

діндарлығына қайран қалып, іштей қатты сүйсінді.

Сөйтті де бұл көргенін барып әйеліне айтты. Екеуі құда

түсіп, әлгі қызды ұлдары Асыммен үйлендірді. Осы-

лайша ақылды қыз Омарға (р.а.) келін болып түсті.

Иә, Омарға келін болу аса қиын емес, ол үшін

тек қана бәрін көріп-біліп тұрған Аллаһ тағаладан

ештеңені де жасыра алмайтындығыңды тереңнен

сезіне білсең жеткілікті. Қыздың өне-бойы тәлім-

тәрбиеге тұнып тұрса, оған қайыната болуға

Омар секілді жаны жайсаң кісілердің әркезде де

табылатындығы шындық..