56
Тағылым тамшылары
Әбу Бәкір (р.а.) оған сол мезет он екі динар
ұстатты.
Монах сөзін жалғап, түсті былай деп жорыды:
– Көктегі айдың саған түсуі – ақырзаман
пайғамбарының келетіндігі. Таяу уақыттарда ол
өзінің «пайғамбарлығын» жұртқа жариялайды. Сен
сол Пайғамбардың қасында жүретін уәзірі, кейіннен
халифасы боласың. Уа, арабстандық жан, егер ол
менің тірі кезімде келсе, онда маған хабар сал. Барып
жолығып, оны өз көзіммен көрейін. Ал ол келген кезде
мен о дүниелік болып кетсем, онда менің дұғай-дұғай
сәлемімді жеткіз. Әкелген жаңа дініне менің кіргенімді,
оның үмметі болғандығымды айт. Ақыретте маған
шапағат етуді ұмытпасын!
Әбу Бәкір бұны естігенде:
– Олай болса маған хат жазып қалдыр, – деді.
Монах он екі сөйлеммен жазылған хатты
Әбу Бәкірге ұсынды. Хаттың төркіні мынадай:
«Ассалаумағаләйкум, уа, Мұхаммед ибн Абдуллаһ
әл- Мәкки әл- Мәдәни әл-техами! Сен – расында да
ақырзаман пайғамбары, он сегіз мың ғаламның Иесі
Хақ тағаланың елшісісің! Мына үшбу хатты Әбу
Бәкір ибн Әбу Күхафа арқылы өзіңе жолдап отырмын.
Осы арқылы саған иланып, иманға келгенімді, саған
үммет болып ергенімді жеткізгім келеді. Әбу Бәкір
келіп, түсін жорытты. Сол түс бойынша Әбу Бәкір
сенің уәзірің кейіннен халифаң болады. Егер мен тірі
тұрсам, сенімен бірге Аллаһ жолында әл-дәрменімнің
жеткенінше күресуден тартынбаймын. Ал егер оған
өмірім жетпесе, онда маған да ақыретте шапағат етуді
ұмытпағайсың!».