51
Сахабалар сабағы
Ал жаңағының дене мүшелері болса бір-бірлеп
сөйлей бастайды. Кейіннен барып тілінің күрмеуі
шешіліп қайта сөйлеуге келгенде ол ренжіп, өзінің
дене мүшелеріне қарап «Мен сендерді қорғаштап жа-
ным шығып жатса, сендер не істеп, не қойғандарыңның
бәрін жіпке тізе тәптіштеп айтып шыққандарыңа
жол болсын, бәрің де көзіме көрінбей, қараларыңды
батырыңдар!» деп ашулана айғайлайды....
Хазірет Пайғамбардың хаты
Дыхиятул-Кәлби (р.а.) әңгімелеуде:
Хазірет Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
маған
бір хат беріп Византия патшасы Қайсарға жіберді.
Патшаға барып хатты бергенімде қасында қызыл шы-
райлы, көк көзді, бұйра шашты жиені бар еді. Хаттың
басы «Аллаһтың елшісі Мұхаммедтен гректердің
қожайыны Гераклийге» деп басталатын. Жиені осы
сөзді оқи сала терең бір тыныстады да «бұл хатты оқуға
болмайды» деп бір-ақ түйді. Қайсар бұның себебін
сұрады. Жиені: «Бұл хатты жазған адам алдымен өз
атын жазыпты да сені екінші орынға қойыпты, сөйтіпті
де сені патша демей жай ғана қожайын деп көрсетіпті»
деді. Патша қарсылық білдіріп, міндетті түрде оқуын
бұйырды.
Хат оқылған соң ол жердегілердің бәрі сыртқа
шығып, Қайсар ішке мені шақыртты. Қайсар патша
мен ішке кірген кезде өздерінің дін істеріне қарайтын
епископын да шақыртты. Сөйтті де хатты епископқа
оқытты. Епископ оған: