52
Тағылым тамшылары
– Бұл Мұхаммед қой, – деді, – ол біздің көптен
күткен пайғамбарымыз. Тіпті Исаның өзі оның
келетіндігі жайында сүйіншілеп хабар айтқан.
Қайсар епископқа қарап:
– Иә, маған қандай ұсынысың бар? – деп сұрады.
Епископ:
– Өз басым сөзсіз оны растап, мойынсұнам, – деді.
Қайсар оған:
– Алайда мен де растап оған бас иер болсам
патшалығымнан айрылып қалармын, – деді күмілжіп.
Содан біз патшаның қасынан шықтық. Қайсар сол
кезде қонағы Әбу Суфиянды шақыртты да оған сұрақ
қойып жауап ала бастады.
– Сендер жақта пайда болған әлгі кісі кім?
– Ол бір жас жігіт.
– Шыққан әулеті қандай?
– Арамыздағы аса бір сыйлы әулеттен шыққан.
– Ол пайғамбарлығының белгісі болар. Иә, оның
болмысы қандай?
– Ешқашан өтірік айтқан емес.
– Бұл да пайғамбарлығының бұлтартпас белгісі.
Қайсар Әбу Суфияннан сұрауын жалғастыра
түсті.
– Оның ізіне ергендердің арасынан исламды та-
стап кеп қатарларыңа қосылғандар болды ма?
– Жоқ.
– Иә, бұл да оның пайғамбарлығының дәлелі.
Оның шайқастарда жеңілген кезі болдыма?
– Кейде жеңгенмен, кейде жеңілетін.
– Бұл да пайғамбарлығының белгісі.