Previous Page  45 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 45 / 208 Next Page
Page Background

45

Пайғамбарлар парасаты

– Аллаһ атымен ант етейін, сен шынында да

халықты тек қана жақсылыққа шақырасың. Сен

пайғамбар болмай тұрып та, арамыздағы ең шын-

шылымыз әрі ең абзалымыз болатынсың, – деді де

Пайғамбарымызға қол берген күйі кәлима-ишәхадасын

айтып, мұсылмандықты қабылдады

7

.

«Хилфул-фудулдың» жақсылығы

Исламға дейінгі кезеңде Араб түбегінде Фадл ес-

імді аттас үш кісі жиналып, қиянатқа ұшырағандардың

залымдардан кегін қайтару, өзара әділдікті үстем ету

мақсатында ант берісіп қол алысқан. Кезінде пай-

да болғанмен кейіннен ұмыт бола бастаған бұл ұйым

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

кезінде қоғамның

қайта жамандықтарға бой алдыра бастауын ауыздықтау

мақсатында Құрайыштың алдыңғы қатарлы адамдары

тарапынан қолға қайта-қайта алынған. Олар ұйымды

тұңғыш құрушылардың атын ескеріп «Фадылдардың

немесе абзал кісілердің анты» мағынасын білдіретін

«Хилф-ул фудул» деп қойды. Ол кезде Пайғамбарымыз

жиырма бір жас шамасында болса да, осы ұйымның

мүшесі еді.

Кейіннен қайта құрылса да бұл ұйым о бастағы

түпкі мақсатынан ауытқымаған.

«Хилфул-фудулдың» ең бір белсенді кезінде мы-

надай бір оқиға болған.

«Хасам» тайпасынан бір кісі бойжеткен қызымен

бірге Меккеге келеді. Қызы көзтартарлық сұлу еді.

Әкесімен қалаға келген әдемі бойжеткенге көзі түскен

Мекке ақсүйектерінің бірі Нұхайл ибн Хажжаж оны

7

Тариху Мәдинат-и Димашқ, 41/63; Хаяту-с-сахаба,1/175-76