Previous Page  41 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 41 / 208 Next Page
Page Background

41

Пайғамбарлар парасаты

Бірақ ауыздарынан көбік ағып тәнқұмарлықпен

елігіп тұрған халық оның бұл ұсынысына да құлақ

аспады. Олардың бар мақсаты – іштегі жігіттерді

сыртқа алып шығып білген арсыздықтарын айыздары

қанғанша бір жасап қалу еді.

Қанша айғайлап та, ұрсып та, жай сөзбен айтса

да халықты көндіре алмаған Лұт (а.с.) жыларман боп

үйге кіргенде, періштелер өздерін танытып, айықпас

азғындыққа ұшыраған бұл халыққа Аллаһ тағаланың

зор азабын ала келгендіктерін айтты. Аллаһтың

әмірі бойынша неше жыл Пайғамбарды тыңдамаған

халықтың бүгінгі татқаны – тіршіліктегі соңғы дәм-

тұзы болмақ. Лұтқа түн қата өзіне сенгендерін ерткен

бойда ешкімге сездірместен қаладан шығу тапсырыл-

ды. Ал бұл мезет қалада қалған халық Аллаһтың қатты

қаһарына ұшырап, тұрған жерлері қаласымен қоса

жермен-жексен болмақ еді. Әрі бұл оқыс азапты Ұлы

Жаратушы кейінгі халықтарға үлкен үлгі-өнеге ретінде

жасамақ.

Айтқандай-ақ Лұт өзін тыңдап, ізіне ерген азған-

тай адамымен сол түні-ақ Содом мен Гомор қалаларын

тастап қала шетіне шығып кетті. Олар қаладан

шығысымен-ақ Аллаһтың уәде еткен азабы ретінде

аспаннан шоқ аралас жауын жауа бастаған. Есі кет-

кен ел ешнәрсенің байыбына барып үлгірместен аз

уақыттың ішінде-ақ екі қаланың халқы да тып-типыл

болып, орнында жанған от пен бықсыған күл ғана

қалды...

Иә, олар әлі күнге ғибрат...

Құдіреті шексіз Аллаһтағала бәрімізді де оқыстан

болатын жамандықтардан сақтасын!