Previous Page  39 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 39 / 208 Next Page
Page Background

39

Пайғамбарлар парасаты

жиіркенішті түрде қаттыбелең алды. Лұт пайғамбардың

қауымының азғындыққа шектен шыға берілгендігі

соншалық, еркектің еркекпен жыныстық қатынасқа

баруы (гомосексуализм) үйреншікті әдетке айналды.

Лұттың (а.с.) шыр-пыры шыға оларды имандылық

пен ізгілікке шақыруы, өзіне берілген пайғамбарлық

міндетті адал атқарып, жатса-тұрса халқын осы бір лас

қылықтан арылтпақ болып насихат айтуы азғындап

аласұрған халыққа шыбын шаққан құрлы әсер етпеді.

Пайғамбардың сөзі өтпеген бұл елге соңында

Аллаһтың өзі қатал үкімін түсірді. Өйткені олар бұл

кезде осы бір бассыздық пен азғындықтары үшін

жазаға жаппай ұшырауға әбден- ақ лайық күйде еді.

Ұлы Жаратушы енді тәубаға келмес күнәһар

халықтың күлін көкке ұшырып, жермен-жексен ету

үшін алдымен періштелері арқылы Лұт пайғамбарға

алдын ала хабар білдірді. Сәнді киінген үш жігіттің

бейнесіне еніп Лұтқа келген періштелер оған өзіне сен-

ген, айтқанына ерген ат төбеліндей ғана адамды алып

қаладан шығу керектігін айта келді.

Періштелер Шезум (Содом) қаласына келе сала

Лұттың үйіне тіке тартты. Алайда үш бірдей қылшыл-

даған жас жігіттердің сәнді кейіпте қалаға кіргенін

көрген, нәпсісі азған халық бұларды жақыннан көруге

құмартты. Үш бірдей пәк жігітті көргенде халықтың

тәнқұмарлығы одан әрі қозып, өз нәпсілеріне ие болу-

дан қалып, ауыздарынан сілекейлері шұбырды. Нөпір

халықтың ортасын қақ жара жүрген бойда періштелер

бірден Лұттың (а.с.) үйіне барды. Нәпсіқұмарлықтың

шырмауына мықтап шырмалған азғын халық бол-

са, әлгі көркем жігіттермен тезірек тәнқұмарлығын