Previous Page  34 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 34 / 208 Next Page
Page Background

34

Тағылым тамшылары

жігіт екендігін айтуда. Бұның астарындағы мәнді ұға

алмай тұрмын?

Сонда Аллаһ тағала:

« – Ей, Мұса! Халықтың ол жігітті бұзылған деуі

рас. Алайда күнәсынан хабары болғанмен ол жігіттің

тәубасынан халықтың хабары жоқ. Менің бұл құлым

таң сәрісінен тұрып топырақ құша тәубаға келді. Менің

рақымдылығымнан мол үміт етіп, мейірімділігімді

пана тұтты. Мен оның шын жүректен шыққан

тәубасын қабыл алдым. Ешқашан үмітсіздікке берілуге

болмайтындығын көрсету мақсатында мен ол құлымды

өзі сұраған мейірімділікке бөледім», – деп тіл қатты...

Иә, «Үмітсіз

тек қана шайтан». Неғұрлым шын

жүректен шықса, тәуба соғұрлым қабыл болады.

Сиқыршылар мен перғауын

Мұса пайғамбардың халықты бір ғана Аллаһқа

илануға бағыттайтын тәухид сеніміне үгіттеуі

нәтижесінде перғауын балқып-шалқып отырған

қазіргі мына сән-салтанатымнан айрылып, жер си-

пап қалармын деп қорықты. Қайтсе де Мұсаны (а.с.)

тұқыртып, осының алдын алу мақсатында алыс-жақын

елдегі бүкіл сиқыршыларды ордасына шақыртқан

перғауын оларды Мұсамен (а.с.) жарыстырмақ болды.

Келген сиқыршылар:

– Ей, Мұса! Қолыңдағы аса таяғыңды алдымен сен

лақтырасың ба, әлде біз лақтырайық па? – деп Мұсаға

деген ілтипаттарын білдірді.

Мұса оларға Құранның «Ағраф» сүресінің 115-116

аяттарында айтылғандай: