Previous Page  31 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 31 / 208 Next Page
Page Background

31

Пайғамбарлар парасаты

жеп, жартысын келесі жылға сақтап қойғандығымның

мәнісі сол еді, – деп жауап берген екен

3

.

Иә, Аллаһ тағала пендеге күнімізді қаратпай-ақ

қойсын деп тілейік!

Отқа күймеген пайғамбар

Ибраһим (а.с.) пайғамбар ретінде жіберілген кез-

де, ел ішінде пұтқа табынушылық кең етек алды.

Ибраһим пайғамбар пұттардың ес-түссіз, жай ғана

мелшиген меңіреу тастар екендігін, Жаратушы бола

алмайтындығын қанша түсіндіре айтса да, оларды

көндіре қою аса қиын шаруа еді. Өйткені олар ылғи

да қарсы дау айтудан жалықпайтын. Сондықтан да бо-

лар Ибраһим (а.с.) олардың саналарына сәуле бітіріп,

шел басқан көңілдерін ояту мақсатында ғибратты бір

іс істеуді ұйғарды.

Бір күні қала халқы түгелімен мереке қарсаңында

қаланың сыртына шықты. Қағбаға кіргенИбраһим (а.с.)

пұт атаулының бәрін қиратып, балтаны сол жердегі ең

үлкен бір пұттың мойнына іліп қойды.

Мерекеден қайтып келген халық әлгіндегідей

ойран-асыр жағдайды көріп жағаларын ұстасты.

Халық:

– «Біздің Құдайларымызды кім соншама қорлаған?

Сірә, бізге зұлымдық ойлаған біреу болар», – десті.

Біреуі: «Ибраһим деген бір жігіт осы жайында

кейінгі кезде сөз етіп, соқтығысып жүрген. Мүмкін сол

болар», – деді.

3

Осман ефенди, Сечме дини хикайелер, Седа яйынлары, И -

танбул 2000, с. 60-61