32
Тағылым тамшылары
– Олай болса, оны дереу алдымызға әкеліңдер.
Мойындасын істегенін! – деді халық жамыраса.
Ел сұрады:
– Әй, Ибраһим! Біздің құдайларымызға бұны
істеген сен бе?
Ибраһим (а.с.) ой салмақ ниетпен:
– Мүмкін ол істі иығына балта асынған анабір
ең үлкен құдайларың жасаған болар?.. Мүмкін айтар,
өзінен сұрап көрсеңдерші? – деп жауап берді.
Олар Ибраһимге (а.с.) қарап:
– Бұлардың сөйлей алмайтындығын өзің де
білмеуші ме ең?!, – деді.
Ибраһим (а.с.):
– Олай болса, тіл қатуға да шамасы келмейтін,
түк пайдасы жоқ мұндай меңіреу пұттарға қалай
табынасыңдар? Аллаһты тастап, сезімсіз тасқа табы-
нып кеткен сендер оңбассыңдар! Кішкене ақылмен
ойласаңдар қайтеді? – деп шыр-пыры шықты.
Ақыр соңында ел Ибраһимді (а.с) жұрт көзінше
тірідей отқа жақпақ болды. Таудай ғып отынды
үйіп, Ибраһимнің(а.с) қол-аяғын байлаған күйі отқа
лақтырды. Ибраһим (а.с) еш нәрседен тайсалмастан,
іштей тас-түйін бекініп, Аллаһ тағалаға ғана арқа
сүйеді.
Сол кезде Аллаһ тағала Ибраһимді (а.с) жақпақ
болған лаулаған отқа: «Әй от! Салқын бол! Жайлы
бол!» деп бұйырды. Яғни Жаратушы оттың күйдіру
және ыстық қасиеттерін тоқтатып тастаған еді.
Осылайша Хақтың көмегіне арқа сүйеген Ибраһим
пайғамбар неше күн жанған оттан дін аман шықты...