Previous Page  35 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 35 / 208 Next Page
Page Background

35

Пайғамбарлар парасаты

– Сендер лақтыратындарыңды лақтырыңдар! –

деді саспастан.

Сиқыршылар Перғауын мен бүкіл Мысыр

халқының көзінше әкелген таяқтары мен жіп-

шуларының бәрін сиқырлап жерге лақтырғанда, олар

дереу жылан кейпінде жан бітіп ирелеңдей бастады.

Дәл сол мезет Аллаһтың әмірімен Мұса пайғамбар

да қолындағы аса таяғын жерге лақтырды. Мұса

пайғамбардың лақтырған аса таяғы демде аузынан

от шашқан аждаһаға айналып, маңайындағы өзге

сиқыршылардың жыландарын түгелдей жалмап, жұта

бастады. Мұсадағы күштің ешбір сиқыр қисынына

келмейтін иләһи яғни құдайылық мұғжиза екендігіне

келген сиқыршылардың барлығының көзі анық жетті.

Өйткені сиқыр күші тараған кезде жерге тасталған

таяқтар мен жіп-шулар қайта қалпына келуі керек

еді. Алайда бұл жолы сиқырланған дүниелердің бәрі

сол күйі тып-типыл болды. Бұған көңіл көздері жетіп,

Мұса пайғамбарға Аллаһ сыйлаған ерекше күш -

мұғжизаға таңғала бас иген сиқыршылар сол мезетте-

ақ бірауыздан:

– Біз Мұса мен Харұнның Жаратушы Иесіне бас

иіп, иман келтірдік, – дескен күйі бастарын сәждеге

қойды.

Бұл тосын жайтқа Перғауын қатты ашуланды.

Ол: – Сендер менің рұқсатымсыз қалайша

Мұсаның Жаратушысына бас иесіңдер?! Демек сен-

дерге сиқырды үйретуші ұстаздарың Мұса екен. Олай

болса, мен сендердің аяқ-қолдарыңды бір қол, бір

аяқтан қайшылап кестіремін! – деп бұйырды.